Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады

Дата: 23 февраля 2023 в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысының Үржар әуежайы туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдың ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Fokker, Bombardier, Embraer және басқа да осыған ұқсас топтардың ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.

2 әуе кемесі тұрақтайтын перрон бір уақытта 2 ұшақты қабылдауға мүмкіндік береді және 5 қабатты бақылау мұнарасы жаңадан салынды.

Әуежайда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін ұшу-қону жолағында жарықтандыру қондырғылары мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы – href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей – Үржар бағыты бойынша рейстер қабылдануда.

Сонымен қатар, әуежай терминалының ғимаратын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл ретте Нұржан Тоқсеитов биыл Үржар ауданында сағатына 100-150 жолаушыны қабылдай алатын жаңа әуежай ғимаратының құрылысы басталатынын атап өтті.


«Қазір терминал сағатына 30-ға жуық адамды қабылдайтын болса, құрылыс аяқталғаннан кейін бұл көрсеткіш айтарлықтай артады. Мысал ретінде, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей немесе Өскемен әуежайларын келтіруге болады», — деді Нұржан Тоқсеитов.

Сурет: qazweek.kz, Абай облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press