Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының ақпараты бойынша href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейде соңғы жылдары өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектердің саны артуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Жазира Козыбаева осыдан екі жыл бұрын href="https://aqparat.info/city/38328-shshiimkent.html">Шымкенттен href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейге мемлекеттік көші-қон бағдарламасы аясында көшіп келді. Бес саусағынан өнер тамған тігінші жаңа қалада бірден өз кәсібін ашты. Бұған себеп болған мемлекет тарапынан берілген мүмкіндік.
«Қайтарымсыз грант тағайындау байқауына қатысып, бір-неше тігін жабдығын ала алды. Бүгінде үйінде кішігірім шеберхана ашып, ұлттық нақышта құрақ көрпе, жастық пен кез келген киім тігудемін», — дейді ісмер.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы қызметкерлерінің айтуы бойынша өткен жылы облыста өз кәсібін ашуға арналған бағдарлама аясында 46 млн теңге бөлінген. Мемлекеттік грантты тағайындау байқауында 5 әйел адам 12 млн теңге ұтып, бүгінде өз күшін кәсіпкерлік саласында байқауда.
Ал облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Мадина Еділбекова, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейде соңғы жылдары өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектердің саны артуда, дейді.
«Біздің қауымдастыққа өз кәсібін ашуға ниеттеніп, кеңес сұрап келетін қыз-келіншектер жиі кездеседі. Әсіресе соңғы жылдары олардың саны артуда. Сол себепті, біздің тарапымыздан әйелдерге арналған кәсіпкерлік бойынша түрлі жобалар іске асып жатыр. Бүгінде өз ісін дөңгелетіп, кішігірім жеке кәсіпкерліктен үлкен серіктестік құрған мысалдар көп», — дейді Мадина ЕДІЛБЕКОВА.
Ал психолог маман Эльмира Муканқызының айтуынша әйелдер кәсіпкерлікке табиғатынан жақын екен. Себебі, олар жауапкершілікті сезініп, уақытты тиімді пайдалана алады.
«Әйел адам бір істі бастау үшін ұзақ ойланады, жан жақты саралайды. Болашақта кәсібінде қиындықтар болса, оны қалай алдын-алуға болады, сол қиындықтың шешу жолдарын іздестіреді. Ал, ер адамдар көбінесе шешімді тез қабылдайды, сәтсіздікке ұшыраса, сол мезетте кәсібін жауып, қайта бастайды. Әрине, барлығы емес, бірақ көбінесе кәсіпкерлік әлемінде осындай адамдар кездеседі», — дейді психолог маман.
Сонымен қатар, әйел адамдар көп жағдайда негізгі жұмысын, отбасын және қосымша өз ісін бірдей алып жүреді.
Бақытгүл ҚАЗЕЗ
Фото: moybiznes.timepad.ru, сұхбат берушілердің жеке мұрағатынан
По сообщению сайта Arna Press