ҚР ТЖМ Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен Мирболат Құрмашевтің денесі табылып, шығарылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты» – делінген ТЖМ-ның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.
8 ақпан күні Түркияда із-түзсіз жоғалған Мирболат Құрмашевтің ағасы іздеу жұмыстары жайлы айтып, «үмітіміз үзіліп барады», деген еді. Түнде Алмат Құрмашев Telegram арнасында «Біз одан айырылып қалдық» деп жазды.
Айта кетейік, Мирболат Құрмашев Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті болған. Жер сілкінісі кезінде ол әріптестері Әділ Қадырбеков, Сабина Мамадьярова және Құбылай Кескинмен бірге Хатай провинциясында болған. Жер сілкінісінен кейін олармен байланыс үзілді.
Кейін із-түзсіз жоғалған жігіттің ағасы 8 ақпанға қараған түні бірнеше адам болып бауырын іздеуге аттанып бара жатқанын хабарлады. Сыртқы істер министрлігі де жағдайды біліп, іздеуге көмектесті.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press