Астанада техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді

Дата: 09 февраля 2023 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елордада көліктерге арналған техникалық байқау стансасынан өрт шықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 ақпанда сағат 13:57-де Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшесіне өрт туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта барып, 200 шаршы метр аумақта жеке үйге жақын, техиникалық қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын анықтады. ТҚС ішіндегі екі көлік өртеніп кетті. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер сағат 14:44-те оқшаулады», — делінген ресми хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 15:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Фото: Астана қаласының ТЖД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press