6 ақпанда href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласындағы көшелердің бірінде құбыр кәріз дюкері бітеліп қалды. Салдарынан құбырдағы су көше мен жер үйлерге ағып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі
Апат болған сәттен бастап коммуналдық қызметтер автомобиль жолы мен жеке тұрғын үй секторының бойын үйіндімен бекіту жұмыстарын бастады, сондай-ақ жеке сектордың аула аумақтарына кірген ағынды суды сорып шығару жұмыстарын жүргізді, деп хабаралады қалалық әкімдікте
Сонымен қатар, кәріз суы деңгейінің көтерілуі жалғаса бергендіктен, қосымша күштер мен құралдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады.
«Жедел штаб ұйымдастырылып, Абай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына аттанды. 7 ақпандағы жағдай бойынша, оқиға орнында топырақ себу, сондай-ақ кәріз қалдықтарын сорып шығару жұмыстары жүргізілуде. 16 аула мен 6 үйге су кірді. Апатты жоюға әкімдіктен, ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінен 115 адам және 46 бірлік техника жұмылдырылды» — делінген ТЖМ ресми ақпаратында.
ТЖМ 68 303 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің күшімен судың үйлерге қайта кіруіне жол бермеу мақсатында инертті материалдар салынған 600 данадан астам қап төселді. Қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда.
Қала әкімі апат болған орынға барып, су басқан аулаларды қалалық әкімдік толық қалпына келтіретінін айтты.
«Кәріз коллекторында болған оқиғаға байланысты кешеден бері апат салдарын толық жоюға қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жер үйлердің аумағынан суды үздіксіз айдау жүргізілуде, шамамен 3000 м3 су шығарылды. Жағдай әкімдіктің толық бақылауында. Апат салдарынан су басқан аулаларды href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының әкімдігі толық қалпына келтіретінін хабарлаймын» — деді шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press