Өскеменде сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсті

Дата: 06 февраля 2023 в 18:58 Категория: Происшествия

Өскемен қаласында сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, халық эвакуацияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 6 ақпанында сағат 15:52-де Өскемен қаласы Қайсенов көшесі 55 мекен-жайында орналасқан ғимаратқа жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сигналды алғаннан кейін тексеру жүргізу үшін мамандандырылған қызметтер дереу сол жерге келді. Қауіпсіздік мақсатында келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды, тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келіп түскен ақпарат өзінің растауын таппады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО полиция департаменті мұндай қылмыстық құқық бұзушылық үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді» — деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Фото: promishkino.ru

По сообщению сайта Arna Press