Семей қаласының әкімдігі: Қоғамдық көліктің шығуы штаттық режимде жоспарлануда

Дата: 06 февраля 2023 в 00:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін әлеуметтік желіде Семейлік қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартып отыр, деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, «Семавтопарк» ЖШС қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті. Әйтпесе, 6 ақпан жолға шығып, қалалықтарды тасымалдауға бас тартады, деп жазылған әлеуметтік желіде тараған жазбада.

Тасымалдаушының мәліметінше, жүргізушілермен әңгіме жүргізілді. Қоғамдық көліктің шығуы штаттық режимде жоспарлануда. 

«Сондай-ақ, осы фактіні болдырмау үшін 06.02.2023 ж. таңертең Семей қаласы әкімдігінің көлік бөлімінің бастығы, сонымен қатар, жоғарыда аталған кәсіпорынның директоры қысқа мерзімде жалақы мәселесін жою жөнінде шаралар қабылдайтын болады» — делінген ресми хабарламада. 

Сондай-ақ, жағдай қала әкімдігінің бақылауында, деп қосты жергілікті атқарушы органда. 

По сообщению сайта Arna Press