Қазақстандықтарға ұялы телефон арқылы ЖШС тіркеуге мүмкіндік туды

Дата: 30 января 2023 в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Енді ел азаматтары мобильді қосымша арқылы жауакершілігі шектеулі серіктестікті тезарада тіркеуге мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі

Ол үшін мобильдік қосымшасын жүктеп алып, биометрия көмегімен авторизациялау және «ЖШС тіркеу» қызметін таңдау қажет. Қызмет Қазақстан резидентінен тұратын жалғыз қатысушысы бар ЖШС үшін қолжетімді.

Әрі қарай, заңды тұлғаның атауын, құрылтайшының аты-жөнін, бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерін, салым сомасын, ЖШС құру туралы шешімнің деректемелерін, жылжымайтын мүлік туралы деректерді, қызмет түрін және т. б. ақпараттар көрсетеді.

Барлық қажетті жолақтарды толтырғаннан кейін тұтынушы өтінішке қол қояды және кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы бірден хабарлама алады. Ол автоматты түрде мемлекеттік кірістер және статистика органдарына жіберіледі.

Фото: e-gov.kz

По сообщению сайта Arna Press