Абай обылысында 11 жаңа мектеп салу көзделіп отыр

Дата: 26 января 2023 в 16:18

Абай обылысында 11 жаңа мектеп салу көзделіп отыр, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі.
Бұл туралы брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков мәлім етті.

''Білім нысаны біз үшін үлкен жауапкершілік. Облысымызда 5700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарда. Олар, Семей қаласында – 3600 орындық 5 мектеп, Аягөз ауданында – 900 орындық 2 мектеп, Ақсуат ауданында – 600 орындық 2 мектеп, Бесқарағай және Жарма аудандарында– 300 орындық 1 мектеп салынады», − деді Айдын Бегімбеков.

Жарма ауданының Т. Хасенұлы атындағы орта мектепке жылу қазандығы салынады. Абай ауданындағы Кеңгірбай би ауылында балалар лагерінің құрылысы басталады. Осы жылға білім беру нысандарының 14 жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы бөлінді.

Фото: Crimeantatars.Club

По сообщению сайта Arna Press