Семейде қоғамдық көліктер 100% электронды билетке ауысты

Дата: 23 января 2023 в 20:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семей қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттеу жүйесі 2021 жылғы 20 қаңтардан бастап енгізілді, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н. Омаровтың айтуынша, барлық қалалық автобустар валидаторлармен, QR кодтармен жабдықталған.

«Электрондық билет жүйесі — бұл ең алдымен ашықтық, жолаушылар ағынын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді,  — дейді бөлім басшысының орынбасары.

Жол жүру ақысын көлік карталары, «Аvtobys» мобильдік қосымшасы арқылы және қолма-қол ақшамен төлеуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласында 4 түрлі төлеу карталары қарастырылған. Олардың арасында жеңілдетілген және тегін жол жүруге арналған карталар бар.

Фото: Аrnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press