Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей телеарнасында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, шаһар тұрғындарының сауалдарына тікелей эфирде жауап берді, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі
Студияға өңірлік тілшілер мен қоғам белсенділері де шақырылды.
Қала әкімі Шығыс кентіндегі саяжайлардағы электр желілері мәселесіне тоқталды. Себебі бұл жерде халық барлық мезгілде тұрып жатыр, ал электр желілерінің қуаты оған, әрине, жетпейді.
«Жалпы саяжайларға электр желілерін жөндеу үшін 12 млрд қаражат қажет. ВК РЭК оны қабылдамайды. Сондықтан біз оны өз балансымызға алып, егерде сынып, ақаулар болып жатса әкімшіліктің күшімен жөндетіп жатырмыз», − деді Нұрбол Нұрсағатов.
Семейліктер мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу, қала шетіндегі жолдарды жарықтандыру мен жөндеуге, Жылу Электр Орталықтары жұмысына және көшелерді қардан тазартуға қатысты сұрақтар қойды.
Қала әкімі түскен сауалдардың барлығына жауап беріп, қалалықтармен кері байланыс бар екенін айтты.
«Мен сұрақтан да, халықтан да қашпаймын. Әкім ретінде кез келген адамының алдына барып, мәселесін шешуге дайынмын», − деді тікелей эфир барысында шаһар басшысы.
Бақытгүл ҚАЗЕЗ
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press