Семейде әуежай маңында табыт табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Бұл туралы жергілікті тұрғындар Instagram әлеуметтік желісіндегі oo_osa_semey__vko парақшасында бейнежазбаны жариялады.
«Әуезжай маңындағы айналмалы жолда мырыш табыты жатыр. Біреулер әдейі лақтырды ма, әлде байқаусыздан жоғалтып алды ма, белгісіз. Бірақ айналасында сүйектер жатыр», дейді бейнежазбаның авторы.
Орын алған жағдай бойынша облыстық Полиция Департаменті түсініктеме берді.
«Абай облысының Полиция департаменті мырыш табыты шынымен табылғанын, бірақ оның ішінде адам қалдықтары жоқ екенін хабарлайды. Тексеру барысында ер адамның денесі 2023 жылғы 8 қаңтарда href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласына href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматыдан кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табыт әуежайдың жанына тасталған. Аталған факт бойынша 32 жастағы туысына қатысты жақын арада қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» — деді Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Амренова.
Айта кетерлік жайт, жоғарыда аталған баптың санкциясымен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Фото: скриншот oo_osa_semey__vko
По сообщению сайта Arna Press