Жақында Қазақстан футбол федерациясы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өткен. Атаулы датаға орай, Қазақстан футбол федерациясының өңірлік филиалының басшылары футболдың дамуына еңбек сіңірген әріптестеріне арнайы жасалған «Қазақстан футбол федерациясына 30 жыл» белгісін табыстады, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сала мамандарын Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев марапаттады.
Семей Қазақстан футболының Отаны екені белгілі. Еліміздегі ең алғашқы ресми футбол клубы 110 жыл бұрын href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласынада құрылып, содан бері футбол семейліктердің сүйікті спорт түріне айналды.
Семейде көптеген отандық футболшылар мен жаттықтырушылар, төрешілер, менеджерлер және басқа да мамандар тәрбиеленіп, көптеген рекордтарды жаңартып, жетістіктерге жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, отандық футболды дамыту мақсатында облысымызда «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылып, жас спортшыларды даярлауды бастады.
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press