Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткі қойып кетушіні ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24 қарашада Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Рефлекс» ЖПІШ өткізу барысында облыс орталығында қойып кетуші курьерді ұстады.
«Жеке тінту барысында 20 жастағы азаматтан изолентаға оралған ұнтақ пен түйіршік түріндегі ақ түсті заты бар 10 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 9,95 гр болатын 10 реттік дозаға тең меткатинон психотроптық заты болып шықты», – деді полиция департаменті.
Жауап алу барысында ұсталған адам кінәсін мойындады. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті УҰИ қамауға алынды.
Фото: polisia.kz, alataunews.kz
По сообщению сайта Arna Press