Брифинг барысында Абай облыстық полиция департаментінің өкілі шетелдік тіркеуі бар автомобильдерді заңдастыру қалай жүргізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Жария ету рәсімі қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін бірден қолжетімді болады.
Автомобильдерді заңдастырудың негізгі шарттары:
«ҚР ІІМ деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде елімізде шетелдік автомобильдерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі рәсімделді. Ресей Федерациясынан – 260 мыңға жуық, Қырғызстаннан – 25,5 мың, Армениядан – 18 мың», – деп атап өтті облыс ПД процессинг орталығының бастығы Ермұқан Мақпұнов.
Заңдастыруға өтінішті EGOV және ХҚКО арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар:
Негізгі төлем — ҚР-да көлік құралын алғаш тіркегені үшін алым — 200 мың теңге. Қалған төлемдер — техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін — 13 мың теңгеден сәл жоғары.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Оны алты ай ішінде 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда.
Автокөліктің елге кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректері бойынша айқындалатын болады. Шекара қызметінде мәліметтер болмаған жағдайда, автосақтандыруды алғашқы тіркеу бойынша күні анықталады.
Абай облысының ПД процессинг орталығының бастығы Ермұқан Мақпұнов атап өткендей, оң рульдік машиналар да заңдастыруға жатады.
По сообщению сайта Arna Press