Жолшылар республикалық маңызы бар күре жолдардың қасында тұратын тұрғындардың өтінішіне сәйкес бағдаршам кешендерін орнатуда.
Мәселен, биыл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңыздағы тасжолдарда 20-дан астам бағдаршам орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта оның 15-i орнатылды.
Ақмола облысында:
«Астана қаласын айналып өту» тасжолының 46 шақырымында (Қызылсуат ауылы);
«Астана қаласын айналып өту» тасжолының 48 шақырымында (Тельман ауылы);
М-36 «Екатеринбург-Алматы» күре жолының 1234 шақырымында (Талапкер ауылы);
М-36 «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1283 шақырымында (Нұрлы елді-мекені);
М-36 «Екатеринбург-Алматы» трассасының 1289 шақырымында (Жібек жолы ауылы);
«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тасжолының 17 шақырымында (Қосшы қаласы);
«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 19 шақырымында (Қосшы қаласы) бағдаршамдар орнатылды.
Ақмола облысында қосымша тағы 6 бағдаршам орнату көзделіп отыр.
Батыс Қазақстан облысында
«Атырау-Орал» автожолының 322 шақырымында (Ілбішін ауылы) және «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 74 шақырымында (Тасқала ауданы) бағдаршамдар орнатылды.
Қарағанды өңірінде «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1484 шақырымында (Шахтер ауылдық округі) бағдаршам кешені орнатылды.
Қостанай облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 555 шақырымында (Тобыл қаласы) бағдаршам орнатылды;
href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар облысында бағдаршамдар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 435 шақырымында (Кенжекөл ауылы) және «Ленинский-Ақсу-Үлкен Ақжар-Курчатов» тасжолының 25 шақырымында (Ақсу қаласы) орнатылды.
Солтүстік Қазақстан облысында бағдаршамдар «Петропавл қаласын айналып өту» автожолының 10 шақырымында (Лесхоз кенті) және «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 951 шақырымында (Бескөл кенті) орнатылды.
По сообщению сайта Костанайские Новости