Семей қаласында мүгедектігі бар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалмақ

Дата: 17 ноября 2022 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семейдегі мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады, деп хабарлайды Arnapress.kz href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сайлау барысында мүгедектігі бар сайлаушылардың жағдайы толық қарастырылу керек. href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласындағы сайлау учаскелерінде құлаққаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар, сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мүгедектігі бар сайлаушыларға қала бойынша 11 арнайы көлік бөлінеді. Олар сайлаушыларды үйінен сайлау пунктіне жеткізеді», – деді href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев.

Жексенбі күні, 20 қарашада, коғамдық көліктермен тұрғындар тегін қатынайды.

Фото: Dauletten.kz

По сообщению сайта Arna Press