Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Қызылорда қаласында болған тойда уыстап ақша шашып, келген қонақтарды таң қалдырды, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Қызылорда қаласына тойға келген әншінің әрекеті әлеуметтік желіге тарап кетті.
«Шашуды шашапасақ той болмайды», − той тойға ұлассын деп уыстап ақша шашты.
Публикация от ҚАЗАҚСТАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ (@kaz.stars)
Әншінің бұл әрекетін желі қолданушылары сыңға алған.
«Шын ақша ма екен немесе жалған ақша ма екен?»
«Ақшаны бұлай шашқанша, жетім-жесірге берсе, сауап алар еді», − деп жазды желідегілер.
Әлеуметтік желі қолданушылар арасында Юлдашевті қолдағандар да болды. Жалпы өзбек халқының тойда ақша шашуы «той тойға ұлассын» деген оймен шашады деп жеткізді.
«Мәрт екен».
«Қазақ әншілеріне өнеге болсын».
«Осы кісінің әндері керемет жүректен орын алады».
«Өте жомарт кісі», − деді желі қолданушылары.
Фото; бейнебаяннан скриншот
По сообщению сайта Arna Press