Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қазақ тілінің заман қысымына қарамастан осы күнге дейін жойылып кетпей , қолданыста болуы. Әрине Ұлт көсемдерімен, зиялыларының , жанашырларынын ерең еңбегі. Бірі де бірегейі болып есімізіге бірден Ахмет Байтұрсынұлының есімі келеді. Ұшан-теңіз атқарған жұмыстары ғасырдан ғасырға айырықша аталып, жоғары бағаланып келеді.
Қазақ тілінің ғылым ретінде дүниеге келуіне «Алаш» зиялы қауым өкілдері тікелей әсер еткені бәрімізге белгілі. Ал жалпы қазақ тіл білімін зерттеу мен таныстыруда Ахмет Байтұрсынұлының «оқу құралы» мен «тілдік құралы» ерекше рөл атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаудағы Ахметтің тағы бір маңызды еңбегі-осы ғылым саласында терминдер қалыптастыру. Ол қазақ тілінің грамматикасына жататын әр санаттағы қазақ атауларын ұсынды. Осы күнге дейін біз қолданып жүрген «Есімше, етістік,одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз» сияқты лингвистикалық терминдерді қазақ ұлтының ұлы ұстазы ойлап тапты. Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы бір кездері армандаған күн келді. «Алаш» армандаған бостандық күні. Ал қазіргі ұрпақ ұлы ұстаздың өз халқының жарқын болашағы үшін күресін мәңгі есте сақтайды.
Ахмет Байтұрсынұлының тағдырының қайғы-қасіретін неғұрлым жақсы түсінсек, оны жадымызда сақтайтын болсақ, тәуелсіздігіміздің тұғыры соғұрлым берік әрі сенімді болады. Әліпби – тек сауат ашу ғана емес, ілім-білім үйренудің бастау көзі, ғылымға апаратын сара жол. Мұхтар Әуезовше айтсақ, «Ақаң ашқан қазақ мектебінің» ұстанымы – қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның әлеуметтік ортада ой-танымы мен талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы қазақ арасынан оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен ана тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да А.Байтұрсынұлы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды. А.Байтұрсынұлы ұлт жазуының таңбасын алуда аса сақтықпен «қазақ ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін бере алатын, әрі ісләм дінінің уағызы арқылы келген араб графикасын таңдады. Сонымен қатар, ежелден келе жатқан қадим жазуындағы дала ғұламаларының зерттемелерін де негізге алды. Ахаңның замандастары баба буын «рухани көсем» деп дәріптеген, бүгінгі аға буын тілші-ғалымдар «ұлт мәдениетінің Хан тәңірі» деп асқақтатқан.
Ұлттың орнығуы тіл мен дінге тікелей байланысты. Қазақ елінің болашағы жарық,жарқын болуы үшін еріңбей еңбек етіп, оқу оқып, білім дәнегін жас оқушыларға тереңінен сіңірткен Ұлт азаматын ұмытуға,ақ үмітін ақтамауға бізде себеп жоқ. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген. Ахмет Байтұрсынұлының қасиетті қағидасына сүйенсек , Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.
Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Тәрбие тілден басталады дейді. Тіл меңгеруде ата-ана мен білім ұяларының рөлі ерекше екенін, әр отбасы бесіктегі баладан бастап қазақ тілін үйретуді қолға алу басты мақсат. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.
Мақаламыздың соңында тағы да ұлы Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтірмекшіміз : « Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы –тіл,сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.»
Өз ұлты мен өз тілін қадірлемеген адам басқаны да жарытпайды .Өз ана тілімізді білмесек , ұлт ретінде өзімізді білдірмесек ,онда мемлекетіміздің болашағы күмәнді болуы әбден мүмкін.
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді.
Пайдалы кен орындарын қазып өндіру кафедрасының
аға-оқытушысы Жұмабеков М.Н.
По сообщению сайта EKaraganda.kz