«Сиамыч» марғау болашақ иелерін іздейді

Дата: 05 августа 2022 в 12:39

Жаңа отбасын іздеп жүрген марғауды «Пушистый ангел» паналау орнының қызметкерлері «Сиамыч» деп атап кеткен. Себебі, оның түсі Сиам мысықтарына ұқсайды. Ал негізі оның тұқымы басқа. Қазіргі таңда өсіп қалған, 3 айға толды. Бір уысқа сиятын ерке марғау адамға үйірсек.

«Сиамыч» деп біз оның түсіне байланысты атап кеттік. Мүмкін, ата-аналарының арасында бір Сиам мысығы болған шығар. Осындай түстес марғаулардың барлығын Сиамыч деп атаймын. Оны піштіруге әлі ерте, мысықтарды әдетте жасы анық болса, 6 айында немесе басқа мысық іздей бастаған кезде стерильдейді», – дейді зооволонтер Ангелина Буянова.

ВИЗИТКА: Аты – «Сиамыч»

Жасы – 3 ай шамасында

Тұқымы – белгісіз, түсі сиам мысықтарына ұқсас

Ерекшелігі – еркелеткенді, адамдармен ойнағанды ұнатады

Мінезі – ашық, жұмсақ. Басқа жануарлармен жақсы сыйысады

Тамағы – мысықтарға арналған тағам

«Негізі бұл марғауды үйде де, пәтерде де асырауға алуға болады. Әзірге кішкентай кезінде тез үйреніп кетеді. Егер жеке үйге асырауға алсаңыз, алдымен тек үйдің ішінде жүріп-тұруды үйреткен жөн, бірден далаға шығару жөн болмайды. Біраз уақыттан кейін барып есік алдына, далаға жіберуге болады. Онда да сыртынан бақылап, шарбақ-қоршауда тесік болмағанын, көшеге шығып, жоғалып кетпегенін қадағалау керек. Бұл да өзінің мекені екенін, тек кәдімгі үйден үлкен аумақ екенін сезінуі тиіс», – дейді Ангелина Буянова.

Еріктінің айтуынша, жақсы қарым-қатынас жасалған мысықтың ешқайсысы иесіне дөрекілік көрсетпейді. Кішкентай марғаулар тек қорыққаннан немесе айналаны зерттеп, ойнағысы келгеннен тырнауы мүмкін. Мұны шешудің жолы оңай – тырнағын дер кезінде алып отыру керек. Ал Сиамыч жаңа үйге аттануға дайын, еріктілер оның алдағы өмірінен хабар алып тұрамыз дейді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді. Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады:https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz