ШҚО-да тоннадан астам балық тәркіленді

Дата: 31 мая 2022 в 12:38

ШҚО-да бiр тоннадан астам балық тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында «Нерест» ЖПІШ барысында ШҚО ПД ППБ инспекторы ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығымен бірлесіп «Васильев өткелі» тас жолында рейдтік шаралар жүргізу кезінде Тарбағатай ауданының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру кезінде көлік құралының салонында балық анықталды. Дәл сол күні балық өнімдерін заңсыз тасымалдаған Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Алайда екі жүргізушінің де тасымалданған балыққа тиісті рұқсат құжаттары болмай шықты.

Жалпы алғанда, ұсталғандардан 650 килограммнан астам табан және 570 кгилограммға жуық мөңке балығы тәркіленді. Күдіктілердің айтуынша, олар Омбы – Майқапшағай тас жолында белгісіз адамнан сатып алғандарын айтқан. Жалпы шығын шамамен 2 240 000 теңгеге бағаланады.   

Аталған факті бойынша ҚР-нің 335 бабы 1 бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Фото: ШҚО ПД

По сообщению сайта Arna Press