«Басында шошып кеттім». Бойы аласа жігітке тұрмысқа шыққан қыз Желіні тәнті етті 19 января 2022, 15:50

Дата: 19 января 2022 в 16:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


TikTok-та ерекше жұптың видеосы тарады. Видеода қалыңдық өзінен бойы кіші жігітке тұрмысқа шыққаны көрсетілген. Желідегі көптеген адам видеодағы күйеу жігіт оқушы екен деп ойлап қалған. Алайда ол ешқандай да оқушы емес. Видеодағы қалыңдық Гүлзат Әуезбекова 1999, ал жары Ғалымжан Бағытжанов 1996 жылы туған. Гүлзат Tengrinews.kz тілшісіне жарымен қалай бас қосқанын әңгімелеп берді.  

Желіде тараған видеоны көрген жұрт екі жасқа тәнті болған. Түрлі пікір жазылған. Оның ішінде хейт те жоқ емес. 

«Жарайсың, осындай қыздарға құрметпен қараймнын, қазір мұндай қыздар аз», «Бақытты болсын, Алла солай жаратқан, күлуге ешкімнің хақы жоқ», «Махаббат бойға, жасқа қарамайды, жұптарың жазылмасын!», — деп жазды қолданушылар.  

Гүлзат Ақтөбе облысының тумасы, жасы 22-де. Қарапайым отбасында өскен, өзінен кейін артынан ерген сіңлісі бар.

@bikhanoova0 Сізді маған Тәңірдің өзі сыйлаған❤️ #бакыттыотбасы #бакыттыболыныздар

По сообщению сайта Tengrinews