«Бұйрықтың аты — бұйрық». Желіні тәнті еткен сарбаз туралы не белгілі? 17 января 2022, 11:58

Дата: 17 января 2022 в 12:03


Ақтөбедегі митингілер кезінде арандатушылардың арбауына көнбей, антына адалдық танытқан сарбаз Ұлан Мырзабайдың видеосы Желі қолданушыларын тәнті еткен болатын. Жігіт әжесі Шынар Қарабатырқызының қолында өскен. Ол Ұланның бала кезінде қандай болғанын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлан Мырзабай — былтыр Петропавл қаласындағы Ұлттық ұланның әскери институтын тәмамдап, Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде қызмет етіп жатқан лейтенант. Сол күні Ұлан Мырзабай Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимаратының алдында алдыңғы шепте тұрған.

Оның сөзінше, басында бәрі тыныш болған.

«Біз митингке қатысушылардың талап-тілектерін айтуға қарсылық танытпай, керісінше оларды қорғап тұрдық. Бірақ кейін оқиға басқаша өрбіді. Кей адамның әрекеттері түсініксіз болды. Қолдарында тас, таяқ, арматура, Молотов коктейлі болды. Кенет алдыңғы шепте тұрған маған бірнеше белсенді жақындап келіп видеоға түсірді, мені өз жақтарына шығаруға үгіттеді. Антыма адалдық таныттым. Бұйрықтың аты бұйрық екенін айттым. Отанымызды абыроймен қорғауға ант бердік. Еліміз тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздігін сақтауды сеніп тапсырды. Сол сенімге лайық болу керек. Мен өз Отаныма адал қызмет етемін», — дейді Ұлан тілшілерге берген сұхбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана и мира!

По сообщению сайта Tengrinews