Қазақстан «жасыл» аймақта — Цой 23 ноября 2021, 09:24

Дата: 23 ноября 2021 в 09:33


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында қазіргі эпидахуал туралы есеп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің сөзінше, бүгінде «қызыл» аймақта екі өңір ғана қалған. 

«Қазақстан және 11 өңір «жасыл» аймақта. Төрт өңір «сары» аймақта. Екі өңір: Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. Қазақстанда соңғы айда ауру өсімі 2,4 есе, стационарлардағы науқастар саны 1,4 есеге, амбулаторлық деңгейде емделіп жатқандар саны 1,8 есе азайды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші компонентті 8,7 миллион адам салдырса, екінші компонентті 7,9 миллион адам салдырды. Одан бөлек, Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді. Бүгінде 35 012 адам Pfizer салдырды: оның ішінде, 26 354-і бала, 8 658-і бала емізетін әйел», — деді Цой Үкімет отырысында. 

Еске салайық, Қазақстанда пандемия басталғалы 965 518 адамнан вирус анықталса, оның ішінде, 927 618 адам аурудан айықты. Жалпы 12 577 адам вирустан қайтыс болды.

По сообщению сайта Tengrinews