30 мыңнан аса таралған. TikTok-та қазақша ән хит болды 19 октября 2021, 12:58

Дата: 19 октября 2021 в 13:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

TikTok-та қазақстандық Меховая 1/8 тобының «Тойға шашу» әніне түсірілген видеолар трендке шығып жатыр. Бүгінде осы ән ремиксіне 30,5 мың видео түсірілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа трендке би түсіргендер арасында әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, 6,5 миллион көрермені бар Takatta, 2,2 миллион жазылушысы бар блогер Аида Құрманғалиева және тиктокерлердің Crush team тобы бар. Оңтүстіккореялық Ateez тобының билеп түскен видеосына да осы ән қойылып, Желіге жүктелген.  

@crush_team8

♬ In Da Getto қазақша — tontibay

«Тойға шашу» әні осыдан бір жарым ай бұрын жазылған екен. Топ мүшесі Кабдол Тлековтің айтуынша, ән осылай жақсы танылып кетеді деп ойламаған.

@yulzhanka Няғыса тіркеліп кетш✅600k-ға аз қалды

По сообщению сайта Tengrinews