Популярные темы

Семейде тағы бір мектеп құрылысы басталады

Дата: 07 июня 2023 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде тағы бір мектеп құрылысы басталады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде, құрылысқа қажетті қоршаулар орнатылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.

Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі шешу үшін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Семей қаласында 2023-2025 жылдары 5 мектеп салу жоспарланған. Соның ішінде Водный кентінде 600 оқушыға арналған мектеп салынады.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Водный кентіне барып, жұмыстың сапалы орындалулы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Бұл мектеп оқушы орындарының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Сондықтан, белгіленген кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын бастаңыздар. Сыртқы инжинерлік желілердің сапалы жүргізулуіне көңіл аударыңыздар», — деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями