Популярные темы

Ұлттық экономика министрлігі сараланған тарифтер енгізілетінін айтты

Дата: 04 апреля 2023 в 11:38 Категория: Новости экономики


Ұлттық экономика министрлігі сараланған тарифтер енгізілетінін айтты
Стоковые изображения от Depositphotos

ҰЭМ міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровтың «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына сәйкес тарифтік саясатты реформалау шеңберінде электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендетуге көзделген жұмыс басталғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қуантыровтың үкіметте сөйлеген сөзінше, бұл авариялардың санын азайтуға және осы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Ол үшін инженерлік 146 мыңнан астам шақырым желіге жөндеу жүргізу қажет.

«Бүгінде тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Осыған байланысты, салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен пысықталған, табиғи монополия субъектілері растайтын құжаттары бар өтінімдер ұсынылады деп болжанды», — деді Әлібек Қуантыров.

Ол мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды тұтынылуы үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырғанын еске салып, осы міндетті іске асыру үшін мына шараларды қабылдау ұсынылғанын айтты:

1. Ірі коммерциялық кәсіпорындар сараланған тарифтерді енгізу.

2. Халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады.

«Бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді», — деді Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров.

Сурет: primeminister.kz, kazpravda.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями