Популярные темы

Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды

Дата: 13 марта 2023 в 18:38


Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Рудный қаласында жылу желілерінде апат орын алып, салдарынан бірнеше көше жабылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына  сілтеме жасап.

Рудный қаласы әкімдігі жылу желілерінде инженерлік апат болғаны хабарланды. Апат салдарынан Кеншілер көшесі Мирден Строительнаяға дейін; Дзержинский көшесі Кеншілерден Октябрьдің 40 жылдығына дейін жабылды. Бұл көшелердегі автобустардың жүру кестесі де өзгертілді.

Рудныйдағы жылу жүйелеріндегі судың температурасы 80 градустан жоғары көтерілуді тоқтатқаны атап өтілді. Бұл туралы 20 ақпанда аймақ басшысының төрағалығымен өткен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының алқасында Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы Виктор Ионенко мәлім етті. Оның айтуынша, температура жоғарылағанда желілерде үзілістер мен өшірулер орын алады.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями