Популярные темы

Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды

Дата: 01 марта 2023 в 11:28


Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды
Стоковые изображения от Depositphotos

№1 және №2 қазандық сағат сағат 3.45 шамасында апатты жағдайға өшірілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Altaynews сайтына сілтеме жасап.

Қазір №2 қазандықда жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды.

— №1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілгенде №3 және №4 қазандықтар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта №2 қазандық іске қосылған, ал №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр, — дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының аяғында жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған болатынбыз.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями