Популярные темы

Мұғалімдер күні басқа датаға ауысуы мүмкін

Дата: 05 февраля 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мұғалімдер күні басқа датаға ауысуы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұсыныс 2 ақпан күні жарияланған, оны талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып жүр, яғни жыл сайын датасы өзгеріп отырады. Ал аталған жобада нақты бір күн, яғни 5 қазанды белгілеу ұсынылған. 

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Мұғалім күні – 5 қазан», – делінген мәтінде. 

Айта кетейік, көптеген елдегі сияқты Қазақстанда да Мұғалімдер күні оқу жылы басталғаннан кейін көп ұзамай күзде тойланады. 

Сурет ашық көздерден алынған

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями