Популярные темы

Семейде облыстағы ең үлкен оңалту орталығы ашылды

Дата: 23 января 2023 в 17:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде облыстағы ең үлкен оңалту орталығы ашылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қарағайлы ауданында бой көтерген орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов қатысты, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі.

Мекемеде медициналық-әлеуметтік оңалтуға психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар,  тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар, сонымен қатар, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар ем қабылдай алады. 
 

«Жалпы, 2025 жылға дейін Қазақстан бойыныша мұндай 12 орталық салынады. Жаз мезгілінде, құрылыс барысын мен өзім мұнда келіп тексергенмін, замануи технологиялар пайдаланып бой көтерген ғимарат. Сондықтан оның сапасы жоғары деп ойлаймын. Облыс тұрғындарыны оңалту үшін де барлық жағдай қарастырылған. Емделушілер бағасын өздері бере жатар», — деп айтты вице-министр.

Барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін оңалту орталығын салу облыстың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін қажетті болды. Облысымызда осындай тағы екі орталық ашылады деп хабарлады облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. Оның біреуі Аягөз қаласында бой көтереді деп жоспарлануда.

Нысанның жалпы ауданы 22 мың квадрат метр, мұнда 7 электросаты мен оңалтуға арналған барлық қондырғылар бар. Сонымен қатар ана мен балаға арналған жеке палаталар, бассейн, монтесори кабинеты сынды медициналық-әлеуметтік, психологиялық-әлеуметтік және әлеуметтік-педагогикалық оңалтуды жүзеге асыратын жартылай стационар және уақытша тұратын стационар қарастырылған.

Облыстың түкпір-түкпірінен келетін ем алушылар бір айдан алты айға дейін оңалтудан өте алады.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями