Популярные темы

Семейде бір айға жуық 30 жастағы ер адамды іздестіруде

Дата: 20 января 2023 в 19:38


Семейде бір айға жуық 30 жастағы ер адамды іздестіруде
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 жастағы Алтай Болатовтың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

«27 желтоқсанда Семей қаласының полиция басқармасына 70 жастағы қала тұрғыны хабарласып, үйден шығып, қайта оралмаған ұлы Болатов Алтай Болатұлын іздестіруге көмек сұрады. Ер адамның психикалық ауытқуы бар болғандықтан полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына бірден кірісті», − деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Дина Амренова.

Күн сайын ер адамды іздестіруге 30-ға жуық қызметкер жұмылдырылған. Олардың арасында криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметкерлері және кинологтар бар.

Іздестіру шаралары Затон және Мирный аудандарда жүргізілуде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп қосты полиция департаментінде.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями