Стоковые изображения от Depositphotos
Талдықорғанда такси жүргізуші жолаушыны пышақтап кеткен, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдады. Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салды. Жолаушылар бұған дөрекі жауап қайтарып, бұл кейіннен ер адамдардың жұдырықтасуына түрткі болды.
«Содан көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттады. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. 27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді», − деп хабарлайды полиция департаменті.
Қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіледі.
Фото: catherineasquithgallery.com
По сообщению сайта Arna Press