Популярные темы

Семейлік оқушылар республикалық ғылыми байқауда жақсы нәтижелер көрсетті

Дата: 05 мая 2022 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік оқушылар республикалық ғылыми байқауда жақсы нәтижелер көрсетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қос шәкірті Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Arnapress.kz мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп оқушыларының астрономия, физика және ғарыш саласында білім деңгейлерін арттырып, талантты оқушыларды анықтауды мақсат еткен жарыс Алматы қаласында өтті.

Дәл осы жарысқа «Ғарыш кемесінің жер мен Ай тартылыс өрісіндегі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу» жобасымен қатысқан 9 сынып оқушысы Асқар Жұмабеков ІІ орын, «Марс планетасындағы күшті магнит өрісін туғызу» жобасын ұсынған 11 сынып оқушысы Жансая Ғалымова ІІІ орынды жеңіп алды.

Аспан әлеміне қызығушылығы мол жас зерттеушілерімізді жарысқа Асхат Жұмабеков, Жадыра Ахатаева, Рая Смағұлова, Серік Анибаев есімді ұстаздар даярлаған.

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебін баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями