Популярные темы

Ірі несие алмақ болған семейлік алаяққа алданды

Дата: 05 мая 2022 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ірі несие алмақ болған семейлік алаяққа алданды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында Семей қаласы полиция басқармасы Әуезов ПБ «102» жедел арнасына қаланың 20 жастағы тұрғыны арызбен жүгінді, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарласқан қыз 10 млн теңге көлемінде несие алмақ болып алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің сөзінше, бейтаныс әйел оған 10 000 000 теңге сомасындағы несиені ресімдеуге көмектесемін деп оның 550 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен 37 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Күдікті әйелден жауап алу барысында ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап тастағанын айтып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Фото: дереккөз

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями