Популярные темы

Шетелде тағылымдамадан өту жолдары: не білу керек? 22 февраля 2022, 17:04

Дата: 22 февраля 2022 в 17:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шетелде тағылымдамадан өту жолдары: не білу керек?
                22 февраля 2022, 17:04
Стоковые изображения от Depositphotos

Халықаралық тағылымдама — көп уақыт пен ақша жұмсамай-ақ шетелге шығудың тамаша тәсілі. Қазір жастар арасында ерікті болу және кәсіби тағылымдама танымалдыққа ие. Шетелге тағылымдаға бару арқылы қысқа мерзім ішінде өзге елдің мәдениетін көріп, тіл үйреніп, қажет дағдыларды игеру мүмкіндігіне ие бола алады. Бір ерекшелігі шетелдегі тағылымдамаға әркім өз бағын сынап көре алады. Қандай тағылымдамалар бар, қайда және қашан деген сұрақтарға жауап Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Тағылымдаманың түрлеріне байланысты шарттары да түрлі болады. Дегенмен ең негізгілері қандай?

1. Қандай тіл білу керек?

Тіл — кез келген шетелдік тағылымдаманың негізгі шарты. Әдетте B1-B2 сертификаты қажет әрі ағылшын тілін білу міндеттеледі. Бірақ жергілікті тілді білу үміткерді таңдау кезінде артықшылық береді. Көп жағдайда волонтерлік тағылымдамалар мен Au Pair үшін PTE General, IELTS General Training, ал кәсіби тағылымдамалар үшін IELTS Academic, PTE Academic жарамды.

2. Нені ескеру қажет?

Үміткердің білімі, тәжірибесі оның тағылымдамаға деген қызығушылығын көрсетеді. Бұл орайда үміткердің дипломы, кәсіби, жеке жетістіктері, ұсыныс хат, барлық жұмысы көрсетілген портфолиосы қарастырылады. Виза мен басқа да шығынды халықаралық тағылымдаманың ұйымдастырушысы үнемі өтей бермейді. Әдетте тұратын жермен және тамақпен қамтамасыз етіледі, ал ұшу ақысы мен визаны рәсімдеу тағылымдамадан өтуші тарапынан жасалады. Бағдарламаны таңдағанда, «қаржыландыруға» назар аудару керек.

3. Тағылымдаманың қандай түрлері бар?

Кәсіби және волонтерлік, әлеуметтік тағылымдамалар.

Кәсіби тағылымдамалар

Бүгінде кәсіби тағылымдамалар көптеген сала бойынша қолжетімді. Бұл қатарда IT, менеджмент, кино, инженерия, ғылым, музей ісі, сәулет, маркетинг салалары бар. Ал келісімшарт ұзақтығы 3 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін, ал жас ерекшелігі 18 бен 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған. Кей жағдайларда жобаның ерекшелігіне байланысты тәжірибесі мол ересектер де қарастырылады. Кәсіби тағылымдама барысында үміткердің білімі және шет тілін меңгеруі ескеріледі. Нәтижесінде жастар кәсіби дағды мен тәжірибесін жақсартады. 

Волонтерлік тағылымдамалар

Волонтерлік тағылымдамалар әлемдегі қоғамдық және экологиялық жағдайды түзеуге бағытталған. Мұндай бағдарламалардың қатысушыларына көп талап қойылады. Ең бастысы — кәмелетке толуы және Intermediate деңгейінде шет тілін меңгеруі.

Еріктінің барлық шығынын көп жағдайда ұйымдастырушы қор өз мойнына алады. Волонтерлік тағылымдамалар Азия мен Оңтүстік Американың дамушы елдерінде өтеді.  Волонтер болу — ерікті және ақысыз негізде жүзеге асырылатын әлеуметтік жағынан пайдалы қызмет. Әр ерікті өзіне сәйкес келетін жұмыстың ауқымы мен дәрежесіне қарай таңдай алады. Шетелдегі волонтерлік тағылымдамалар қысқа мерзім ішінде болса, 2 аптадан бір айға дейін, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болса, бір айдан бір жылға дейін болуы мүмкін. Мысалы:

қоқыс жинау ағаш отырғызу және көгалдандыру флора мен фаунаны қорғау табиғи апаттардан зардап шеккен аудандарда көмек әлем елдерінің балаларымен жұмыс босқындармен жұмыс, қарттармен жұмыс әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмыс мектептерде, ауруханаларда, интернаттарда және әлеуметтік орталықтарда көмек көрсету және т. б.

Жан-жақты дамыған бірқатар елдерде тағылымдамадан өтуге болады. АҚШ  — әлемдегі экономикасы дамыған ірі ел. Сонымен қатар, бұл елде өнеркәсіптің барлық саласы бойынша мүмкіндік бар, яғни технология, денсаулық сақтау, ойын-сауық саласы бойынша тағылымдамадан өтуге болады:

FACEBOOK-тегі зерттеу тағылымдамасы GOOGLE тағылымдамасы АҚШ-тың әлемдік институтында ұтқырлық бойынша тағылымдама MICROSOFT-та студенттерге арналған ADOBE өнімдері бойынша тағылымдама AMAZON-дағы қысқы бухгалтерлер тағылымдамасы

Қытай халық тығыз орналасқан Азиядағы алпауыттардың бірі екені белгілі. Бұл елде технология, қаржы, бизнес және маркетинг салалары бойынша тағылымдамадан өтуге болады. Жапония  — әлемде технологиясы дамыған жетекші орталықтардың бірі. Онда медиа, маркетинг, электроника және технологиялар сияқты салаларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.

Токиодағы халықаралық тағылымдама Мэйдзи тағылымдамасы Токио мен Осакадағы көптеген сала бойынша тағылымдама.

Испания — сәулет, асхана және мәдениетімен ерекшеленетін ел. Сондықтан бұл елде бизнес, қонақ үй бизнесі, туризм және қаржы салаларында тағылымдамадан өтуге болады.

Испаниядағы қонақ үй менеджменті Мадридте немесе Севильяда денсаулық сақтау, мейірбике ісі бойынша тағылымдама

Аустралияда қоршаған орта, табиғат бойынша тағылымдамадан өтуге болады.

Стартап-тағылымдама Ауыл шаруашылығы бойынша тағылымдама Сиднейдегі тағылымдама Cultura-ның экологиялық тағылымдамалары

Ал Ұлыбритания — ағылшын тілін үйренуге таптырмас мүмкіндік беретін ел.

Bunnac көмегімен инженер және басқа салалар бойынша тағылымдама Эксетердегі инновациялық тағылымдама Лондондағы сән тағылымдамасы Маркетинг және Лондондағы бизнес-тағылымдама Лондондағы қаржылық тағылымдама

Оңтүстік Корея — көлік, электроника, БАҚ бойынша жан-жақты дамыған ел. 

Корея бойынша педагогикалық тағылымдамалар Оңтүстік Кореядағы халықаралық бизнесті дамыту бойынша тағылымдама Сеулдегі әлеуметтік кәсіпорындардағы тағылымдама Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы педагогикалық тағылымдама

Германиядағы тағылымдамалар:

Берлиндегі шығармашылық тағылымдама Коучинг және көшбасшылық бойынша тағылымдама

Оңтүстік Африкада байланыс, халықаралық даму, маркетинг секілді салалар бойынша тағылымдамадан өтуге болады.

Vacorps көмегімен Кейптаундағы тағылымдама Кейптаундағы жазу және коммуникация бойынша тағылымдама Bootcamp әлеуметтік тағылымдамасы Лимпоподағы тағылымдама

Колумбиядағы тағылымдамалар:

Колумбиядағы кино саласы бойынша тағылымдама Халықаралық инженерлік тағылымдамалар

2022 жылы қандай тағылымдамалар қолжетімді?

Швейцариядағы ЦЕРН онлайн-тағылымдамасы бойынша мына салалардан тағылымдамадан өтуге болады?

ядролық зерттеулер көлік құрастыру математика физика және басқа да байланысты салалар.

АҚШ-тағы RIPS Summer Internship 2022 тағылымдамасы студенттер мен түлектерге арналған. Бұл бағдарлама бойынша математика, информатика бойынша тағылымдамадан өтуге болады. Ал ұзақтығы — тоғыз ай. Жапониядағы Nig атты жазғы тағылымдама ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытқан студенттерге мүмкіндік береді. Бұл тағылымдама үшін IELTS немесе TOEFL сертификаттары талап етілмейді. Сауд Арабиясындағы Kaust халықаралық тағылымдамасы аясында ядролық зерттеулер, көлік жасау, математика, физика және басқа да салалар қарастырылады. Ал Microsoft Online-дағы тағылымдама инновациялық сала бойынша түрлі дағды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

International Volunteer HQ (IVHQ)

2007 жылы құрылғаннан бері әлемнің 50-ден аса елінде 111,000-нан аса еріктілердің жұмысын ұйымдастырды. IVHQ 1-24 аптаға созылатын волонтерлік бағдарламаларды ұсынады. Бағдарлама қорық пен тарихи-мәдени нысан жұмысынан бастап білім беру, денсаулық сақтау салаларына дейін түрлі бағыттарды қамтиды. Сонымен қатар, Аустралия, Африка, Еуропаны қамтиды.

Plan My Gap Year

2011 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл әлемдегі қолжетімді еріктілер бағдарламасын ұсынады. PMGY Африка мен Азияға арналған және денсаулық сақтау, ағылшын тілін оқыту, табиғатты сақтау, қоғамдық жұмыс және психологиялық көмек секілді салаларда жұмыс істейді.

Maximo Nivel

2003 жылы құрылған Maximo Nivel ұйымы Оңтүстік Америка елдерінде, соның ішінде Коста-Рика, Гватемала және Перуда еріктілер бағдарламаларын ұйымдастырады. Бұл тағылымдама аясында балалармен жұмыс, ағылшын тілін үйрету, медициналық және психологиялық көмек көрсету, жануарларға қамқорлық жасау, ауыл шаруашылығында жұмыс істеу, құрылыс, мұхит жағалауындағы тасбақалармен жұмыс, Латын Америкасы елдерінің байырғы тұрғындарымен жұмыс, жағажайда экомәдениетті сақтау бойынша іс-шаралар атқарылады. 

Love Volunteers

Еріктілерге әлемнің 34 елінде, Орталық және Оңтүстік Америка, Азия, Таяу Шығыс, Африка және Еуропада 1 аптадан 6 айға дейінгі аралықта бағдарламалар ұсынылады. Бұл орайда медицина, денсаулық сақтау, білім беру, заң және әлеуметтік салада 120 бағдарлама іске асырылып жатыр.

Agape Volunteers

Африка құрлығындағы елдерде, соның ішінде Танзания, Кения, Оңтүстік Африка, Ганада іске асырылады. Еріктілер 10 жылдан аса уақыт бойы Африканың кедей елдерінде гуманитарлық көмек, медицина және білім беру салалары бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымның маңызды және өзекті жобалары қатарына Оңтүстік Африка табиғатын сақтауға бағытталған жұмыс және Кениядағы АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу жұмыстары кіреді.

© st-gr.com

Бельгияда өтетін тағылымдама

Мерзімі: 31 наурыз 2022 жыл

Өтетін орны: Брюссель, Бельгия

Тағылымдама 2022 жылы қыркүйекте басталды. Тағылымдамадан өтушілер жылына 2 рет қабылданады, тағылымдама ұзақтығы — 5 ай. Сондай-ақ, Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитет қысқа тағылымдамаларды ұсынады, ұзақтығы — 3 ай. 

Талаптар:

Жоғары білімі бар үміткерлер; ЕО азаматтары да, басқа ел азаматтары да өтініш бере алады; Жас шектеуі жоқ; Үміткерлердің жоғары білімі болуы немесе университетте кемінде 3 оқу курсын бітіруі тиіс; ЕО-ның ресми тілдерінің бірін (араб,испан, қытай, орыс) жақсы меңгеріп, ағылшын немесе француз тілдерінде сөйлесе алуы керек; Басқа елде тағылымдамадан өте алатынын растайтын медициналық тексеріс нәтижелері болуы қажет; Сотталмағаны туралы анықтама болуы керек;

WYSE халықаралық көшбасшылық бағдарламасы

Мерзімі: 24 шілде мен 4 тамыз аралығы, 2022 жыл

Өтетін орны: Италия 

WYSE халықаралық көшбасшылық бағдарламасы — әлем жастарымен жұмыс істеу үшін құрылған бағдарлама. Бағдарламада тәлімгерлер мен кәсіби мамандар тарапынан қолдау ұсынылады.

Талаптар:

жас көшбасшылар өтініш бере алады, үміткерлердің жасы — 18-35 жас; ағылшын тілін меңгеруі қажет.

ЭЫДҰ тағылымдамасы

Мерзімі: 2022 жылы 1 наурыз

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тағылымдамасы жоғары білікті, ынталы студенттерді ұйымға тарту, оның корпоративті функцияларын қолдауға арналған. Басты мақсат — аналитикалық және техникалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беру. Тағылымдама әдетте Францияда, Париж қаласында өтеді. Тағылымдаманың ең аз мерзімі — бір ай.

Талаптар:

ЭЫДҰ-ның екі ресми тілінің бірін (ағылшын және француз тілдері) меңгеруі қажет. ЭЫДҰ-дағы басқа тілдерді білу де артық етпейді. Ақпараттық, коммуникациялық дағдылары болуы керек. Халықаралық ортада жұмыс істеуге қабілетті болуы қажет.

Millennium Fellowship — көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған бағдарлама. Талаптар:

Бағдарлама бойынша академиялық үлгерімі жақсы болуы керек; Кем дегенде 18 жаста болуы қажет. Өтінім берудің соңғы мерзімі: 31 қаңтар 2022 жыл. 2-рет өтініш берудің соңғы мерзімі: 31 наурыз 2022 жыл.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями