Популярные темы

Өткен аптада қандай тағайындаулар болды? 07 февраля 2022, 15:17

Дата: 07 февраля 2022 в 15:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өткен аптада қандай тағайындаулар болды?
                07 февраля 2022, 15:17
Стоковые изображения от Depositphotos

Еліміздің үкіметі мен Мәжілісте, полиция басқармалары мен Антикорда тағайындаулар әлі де жалғасып жатыр. Бақытжан Сағынтаев алматы әкімі, Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті, Мәжіліске жаңа спикер тағайындалды. Күш құрылымдарында да біршама өзгеріс бар. Tengrinews.kz тілшісі өткен аптадағы ауыс-түйіске шолу жасады.

Өткен апта алматылықтар үшін күтпеген өзгерістен басталды, қаңтардың 31-і Бақытжан Сағынтаев қала әкімі қызметінен кетті. Бұл қызметке екі жарым жылдай отырған оның орнын Ерболат Досаев басты. 

Ерболат Досаев 2019 жылдан бері Ұлттық банк төрағасы болды, 2017 жылдың тамызынан бастап премьер-министрдің орынбасары болған. 2016 жылдың мамырынан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін басқарған. Бұған дейін де түрлі министрліктер мен агенттік төрағасы болған. 

Роза Кәрібжанова Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол 2020 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. 

1 ақпанда Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді. Саяси кеңес бюросы партияны басқару органы.

Партия мәліметінше, саяси кеңестің қаулысы бойынша бюроның жаңа құрамы мынадай:

Қасым-Жомарт Тоқаев — Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы; Мәулен Әшімбаев — Парламент Сенатының төрағасы; Ерлан Қошанов — Президент Әкімшілігінің басшысы; Ерлан Саиров — Мәжіліс депутаты; Дархан Қыдырәлі — «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы; Аббат Өрісбаев — Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты; Ләззат Қалтаева — Сенат депутаты; Геннадий Зенченко — «Зенченко және К» КТ директоры; Элина Паули — «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары.

Елді елең еткізген тағы бір оқиғалардың бірі — Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өз еркімен қызметтен кетуі болды. 1 ақпанда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы болып, онда ҚР Конституциясының 58-бабы 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Нығматулин қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасы дауысқа салынып, ол бірауыздан қабылданды.

Мәжілістің жаңа спикері болып Ерлан Қошанов сайланды. Ол алдымен Мәжіліс депутаты болып тіркелді. 59 жастағы Ерлан Қошанов 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігін басқарғанын айта кеткен жөн. 2017 жылдың наурызынан бастап Қарағанды ​​облысының әкімі қызметін атқарды. Бұған дейін ол премьер-министрдің кеңсесін, Азаматтық авиация комитетін басқарған.

1 ақпанда Жоғарғы Сотта сот алқаларының екі жаңа төрағасы тағайындалды. Аслан Түкиев Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, Нұрсерік Шәріпов азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.

Аслан Туриев, Нұрсерік Шәріпов. Фото:sud.gov.kz

«Қайрат» футбол клубының жаңа бас директоры да өзгерді, бұл қызметке Марат Баймұхановтың орнына Асқар Есімов тағайындалды. 40 жастағы маман спорт саласында тәжірибелі басшы, осыған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінде және Ескек есу федерациясында жұмыс істеген. 

Асқар Есімов. © «Қайрат» ФК баспасөз қызметі

2 ақпанда Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ол бұл қызметті 2019 жылдың маусымынан бері атқарған. Мемлекет басшысы Байбекке көп жылғы жұмысы үшін алғыс білдірді.

Nur Otan партиясының жаңа жауапты хатшысы Асхат Оралов болды. Ол 2021 жылдың 12 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде партия құрылымын қайта қарап, оңтайландыруды тапсырған болатын. 

Асхат Оралов. © astana.gov.kz

3 ақпанда Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк басшысы қызметіне тағайындалды. 3 ақпанда оның кандидатурасын Сенат отырысында депутаттар мақұлдаған болатын. 

Ғалымжан Пірматов 2011 жылдан бері «Cameco Kazakhstan» ЖШС президенті болған. 2011 жылы ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі қауымдастығының басқарма төрағасы, 2014 жылдың қарашасынан бастап — «Алтын Банк» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕБ) директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болған. 2009-2011 жылдар аралығында «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарған.

3 ақпанда Алматының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы тағайындалды. Зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына Қасымхан Алпысбайұлы келді. Бұған дейін ол әр жылдары Алматы қаласының Медеу, Жетісу, Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы болған. 

Мәжіліс аппаратының басшысы да ауысты, бұл қызметке Ренат Айтаев тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Президенті әкімшілік басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

Нұрлан Қылышбаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол 5 жылдан астам депутат болған.

Күш құрылымдарындағы өзгерістер

3 ақпанда Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып Болат Жорабаев тағайындалды. 

Өткен аптада түрлі өңірдегі Полиция департаменті басшылары өзгерді. Мысалы, Атырау облысы Полиция департаменті басшысы болып Нұрхат Оразбаев тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Ал Шымкентте бұл лауазымға Қайрат Дәлбеков тағайындалды. Ол 2018 жылдан бері Түркістан облысының Полиция департаментін басқарған.

Ал Мұрат Қабденов Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы болып келді. Ол әр жылдары Батыс Қазақстан облысының ІІД, ІІМ Әкімшілік полиция комитетін басқарды, Ішкі істер министрінің кеңесшісі болған. Кейінгі жылдары ІІМ көші-қон қызметі комитетін басқарған.

3 ақпанда Антикордың Қостанай облысы бойынша жаңа басшысы тағайындалды. Ведомство басшысы Серікжан Мырзалы болды. Ол Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Қостанай облыстарының құқық қорғау органдарында әртүрлі басшылық қызметте жұмыс істеген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша да департамент басшысы ауысты. Қазір бұл лауазымда Рустам Ақмырзаев отыр. Ол бұған дейін Антикордың Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болған.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Бауыржан Байбек
Поделитесь новостью с друзьями