Популярные темы

Қаржылық сауаттылық мүгедектілігі бар адамдарға қалай көмектесуде

Дата: 09 ноября 2021 в 11:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қаржылық сауаттылық мүгедектілігі бар адамдарға қалай көмектесуде
Стоковые изображения от Depositphotos Қаржылық білімді белсенді дамыту – қазақстандықтардың материалдық жағдайын нашарлатудың алдын алудың жалғыз тәсілі. Қарапайым адамдарда қаржы туралы білім алу мүмкіндігі шектеулі болса, мүгедек адамдарда белгілі бір кедергілер бар екендігі анық. Осыған байланысты мүгедектілігі бар адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша жобалардың қажеттілігі артып келеді.

Кредиттеудің түрлі банктік цифрлық сервистері мен қызметтердің дамуына, алаяқтық пен инвестициялық компания секілді әрекет ететін қаржылық пирамидалардың көбеюіне байланысты қазақстандықтар әдетте дұрыс емес қаржылық шешімдерді қабылдайды.

«Қаржылық және тұтынушылық нарықта ұсыныстар көп. Артық сатып алуларды болдырмас және алаяқтықтардың қолына түсіп қалмас үшін қаржылық тәртіпті дамытуға назар аудару қажет», — деді Solva компаниясының (IDF Eurasia тобы) бас директоры Анна Максимова.

Қазақстандағы мүгедектілігі бар адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша арнайы жобаны Solva компаниясы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ITeachme қоры ұйымдастырды. Бір ай ішінде қатысушылар қаржылық сауаттылық бойынша білім алып, қаржылық жоспарды құруды тегін үйренеді.

«Қаржылық сауаттылық курсын өткеннен кейін менің өмірім жақсы жағына қарай өзгереді деп сенемін. Табыс пен шығындарды жазып, қаржыны талдауды жасауды үйрендім», — жоба қатысушыларының бірі Сапақ Ұлпан.

Жоба нәтижелері бойынша таңдаушылар қаржыға деген өзінің қарым-қатынасын өзгерткендігін, бюджетті жүргізуді бастағандығын және жаңа білімді практика жүзінде пайдалана бастағандығын растады.

«Курс барысында мен өзіме пайдалы және қажетті ақпаратпен таныстым. Отбасылық бюджетті бақылауды және дұрыс бөлуді, ақша жинауды және салым жасауды үйрендім. Қаржы маған жұмыс істеу бастады, менде қаржылық әмиян пайда болды» — деп өз пікірін курс тыңдаушысы Эльмира Смагулова қосты.

Осылайша қаржылық сауаттылық бойынша жобалар азаматтарға білім беріп қана қоймай, қаржылық сарапшылардан өмірді жақсартуға қажетті кәсіпқой кеңестерді алуға көмектесуде.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында қаржылық сауаттылықты дамытуға бағытталған жобалар бірнеше мемлекеттерде жұмыс істеп келуде. Оның ішінде Ресей Федерациясында 2017-2023 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру стратегиясы шеңберінде мұндай бағдарламалар Ресейдің бірнеше қалаларында жүзеге асырылуда. Бұған қоса ерекше сұраулары бар адамдарға арнап қаржылық кеңес беру бойынша жедел желі ұйымдастырылған. Қаржылық сауаттылық тіпті мектепте берілетін АҚШ-та мүмкіндіктері шектеулі адамдарға да назар аударылады.

«Мүгедектілігі бар адамдарда қаржылық қызметтерді немесе қаржылық білім алу мүмкіндігі қол жетімді болуы өте маңызды. Қазақстандықтардың барлығы өзгермелі қаржылық нарыққа жылдам бейімделе алмайды, ал қаржылық сауаттылық бойынша жобалар адамдарға жылдам бейімделуге көмектеседі» — деді Анна Максимова.

По сообщению сайта Banker.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями