Популярные темы

Тоқаев: Қазақстандағы қалалардың 30 пайызы — моноқалалар 04 ноября 2021, 11:13

Дата: 04 ноября 2021 в 11:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев: Қазақстандағы қалалардың 30 пайызы - моноқалалар
                04 ноября 2021, 11:13
Стоковые изображения от Depositphotos

Екібастұз қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы — моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл — халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді», — деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.

«Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу — аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», — деді ол. 

Кеңес барысында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі моноқалаларды дамыту бойынша баяндама жасады.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями