Популярные темы

«Респект!» Ауруханада науқастарға ән айтып берген «дәрігер» Қазнетті тәнті етті 01 октября 2021, 16:02

Дата: 01 октября 2021 в 16:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастарға ән айтып, көңілін көтерген «дәрігер» Желі қолданушыларын тәнті етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram-дағы Dudoser парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары оның өнерін оң бағалап, мақтау сөздерін жазған. 

«Керемет, дәрігерлерге респект! Алла оларға денсаулық берсін», «Барлық медицина қызметкеріне абырой мен сабыр берсін», «Жарайсың, науқастардың көңіл-күйін көтеріп жатыр», «Көңілді дәрігер екен», — деп жазды оқырмандар. 

Алайда видеодағы өнерпаз негізі дәрігер емес болып шықты. Ол — Қызылорда облысының тумасы Фарида Елубай, журналист. Бүгінде Шымкент қаласында тұрып жатыр. Дәрігер мамандығына қатысы жоқ. 

«Негізі көбі мені дәрігер деп ойлап қалыпты. Анам Ақмарал Орынбаева ол кезде Шымкенттегі №14 емдеу орталығында психолог болып жұмыс істейді. Бұл мамырда болған оқиға. Анам, психолог болғандықтан, науқастардың көңіл-күйін көтеруді мақсат етті. Өз басым кішкентай кезімнен ән айтқанды жақсы көретінмін. Вокал сабақтарына барып жүрдім. Сөйтіп анам маған «Фарида, сен барып ән айтып бер» деп ұсыныс жасады. Мен бірден келістім. Видеоны Желіге біз салмадық. Тек есеп үшін түсіргенбіз. Мен тек бір палатада емес, бірнеше палатада әртүрлі ән айтып шықтым», — дейді Фарида. 

View this post on Instagram

Публикация от

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями