Популярные темы

Қазақстандағы топ-10 туристік бағыт қандай? 23 августа 2021, 13:20

Дата: 23 августа 2021 в 13:33 Категория: Новости туризма


Қазақстандағы топ-10 туристік бағыт қандай?
                23 августа 2021, 13:20
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгінде пандемиядан зардап шекпеген сала жоқ шығар, оның қатарында туризм де бар. Осы уақытта шетелге шыққандар мен бізге келушілер саны 75 пайызға азайып отыр. Алайда еліміздің курорттық аймақтарында көрсеткіш жақсарған. Пандемияда туризмге жаңа трендтер де келді. Қазақстаннан түрлі елдерге рейстер ашылып жатыр. Жағдай аса жаман емес. Дегенмен, статистикаға көз жүгіртейік. Kazakh Tourism ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне бүгінгі қазақстандық туризмнің ішкі және сыртқы жағдайы мен жаңа жобалар туралы айтып берді.

Қазақстандықтар баратын топ-7 мемлекет 

Компания өкілдерінің мәліметінше, пандемия алдында шетелге шығатын қазақстандықтардың негізі — 90 пайыздан астамы ТМД елдеріне баратын, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан алда болған.

Ал ТМД елдерінен тыс жерлер бойынша Түркия көш бастап тұрған — 32 пайыз. Кейін Қытай (17 пайыз), БАӘ (14 пайыз), Мысыр (12 пайыз), Германия (4,8 пайыз), Оңтүстік Корея (3,6 пайыз), Грузия (3,2 пайыз) және Таиланд (3,1 пайыз).

Биыл бұл көрсеткіш аса өзгеріссіз, алайда елдер орны ауысқан, тізімде өзгерістер бар. 

«Осы жылдың бірінші тоқсанында 527,9 мың адам шетелге шықты. Оның ішінде үш ТМД мемлекеті алда, одан кейін БАӘ (7,3 пайыз), Мысыр (6,6 пайыз), Түркия (5,2 пайыз) және Мальдив аралдары (2,3 пайыз) тұр», — деді компания өкілі.

©Shutterstock/Түркия

Айта кетейік, бүгінде Қазақстаннан 13 елге тікелей ұшып баруға болады. Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Украина, Германия, Грузия, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Мысыр және Мальдивке әуе рейстері тұрақты жүріп жатыр.

Ішкі туризм — еліміздің курорттық аймақтарына келушілер саны артты

Пандемия кезінде ішкі туристер ағымы да азайған. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылы ішкі туристер саны 3,3 миллион адам болса, 2019 жылы 5,2 миллион болған. Жалпы елден шығу және келу көрсеткіші 75 пайызға азайып отыр. 

Бұл ретте ішкі туристерді қабылдау бойынша көшбасшылар — Алматы қаласы мен Алматы облысы, тиісінше 624,9 мың және 482 мың адам, одан әрі Нұр-Сұлтан (357 мың), ШҚО (346 мың) және Ақмола облысы (235 мың).

Курорттық аймақтар бойынша да жеке статистика жүргізілген.

«Мысалы, 2019 жылы 1,2 миллион қазақстандыққа қызмет көрсетілген. Негізгі туристік орын Алматының тау кластеріне тиесілі (47,9 пайыз), кейін Алматы облысы жағындағы Алакөл курорттық аймағы (17,6 пайыз), Маңғыстау курорттық аймағы (7,4 пайыз), Щучье-Бурабай курортты аймағы (6,8 пайыз) және ШҚО жағынан Алакөл курорттық аймағы (3,2 пайыз)», — деді баспасөз қызметіндегілер. 

© Tengritravel мұрағатынан/Алакөл

Айта кетейік, ресми статистикаға сәйкес, былтыр курорттық аймақтарда орналасқан адамдар саны 40 пайызға, ал нөмірлер қоры 1,8 есе өсті. Мәселен, 2020 жылы курорттық аймақтарда қызмет көрсетілген келушілер саны 1,2-ден 1,7 миллион адамға дейін (45 пайызға өсті), ал орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 17 миллиардтан теңгеден 24,5 миллиардқа дейін, 1,5 есе өскен.

Пандемия елдің туристік саласына жаңа трендтер де алып келді. Ең жарқын тенденцияның бірі — жас саяхатшылардың көбеюі. Әсіресе демалыс күндері қысқа қашықтықтағы турлар мен фототуралардың үлесі жоғары.

Кейінгі екі жылда сала қанша табысынан айырылды?

WTTC (World Travel Tourism Council — Дүниежүзілік туризм және саяхат жөніндегі кеңес) деректері бойынша, 2020 жылы әлемдік жиынтық ішкі өнім 10,4 пайыздан 5,5 пайызға дейін төмендеп, 4,6 триллион АҚШ долларына азайған. 

Ал Қазақстан туризмінің, WTTC бойынша, ЖІӨ 2020 жылы 2,4 пайызға тең болған, оны ақшалай санағанда 1,6 триллион теңге (3,9 миллиард АҚШ доллары). 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 56,1 пайызға төмендеп отыр, ЖІӨ — 3,6 триллион теңге болған.

Қазақстан Ұлттық банкінің төлем балансының деректері бойынша, 2020 жылы туристік қызметтер экспорты 458,8 миллион доллар болған, бұл 2019 жылғы көрсетілетін қызметтер экспортынан бес есе аз (2 463,3 миллион).

© Азамат Сәрсенбаев/Қаракөл

Қандай жаңа туристік нысандар салынады? 

Мемлекет топ-10 туристік бағытты айқындады, ол: Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары, Маңғыстау, Алматы өңірінің тау кластері, Алакөл және Балқаш көлдері, Щучье-Бурабай, Имантау-Шалқар және Баянауыл курорттық аймақтары, Байқоңыр ғарыш айлағы.

Компания мәліметінше, 2019 жылдан бастап ел үкіметі 61 миллиард теңге сомасына 52 инфрақұрылымдық жобаны қаржыландырған.

«2020 жылы шілдеде Rixos Water World Aktau — Орталық Азиядағы 500 нөмірлі ең ірі бес жұлдызды қонақүй ашылды, бұл Каспий теңізі жағалауындағы жағажай туризмін дамытудың жарқын мысалдарының бірі саналады. Сондай-ақ, мұнда жаңа туристік кешендер салу жоспарланып отыр. Биыл шілдеде Ақтаудан небәрі 20 шақырым жерде Каспий теңізінің көркем жағалауында Қазақстандағы алғашқы тематикалық парк ашылды, ол отандық және шетелдік туристерді тартатын орынға айналуы тиіс. 

Түркістанда да ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Халықаралық әуежай, әлемдік брендтер кешендері, «Керуен-сарай», «Ұлы дала елі» көпфункционалды туристік кешені және басқа да көптеген туристік нысан ашылды», — дейді компания өкілі.

© kattyontheroad/Tengritravel мұрағатынан

Қазір Алматы тау кластерінде де, атап айтқанда экотуризмді дамыту бойынша жобалар іске асып жатыр.

«Таяудағы жылдары Алматы өңіріндегі төрт ұлттық паркте визит-орталық құрылысы басталады, онда туристер қорық аумағымен алдын ала таныса алады. Визит-орталықтардың алғашқысы биыл Іле Алатауында ашылды.

Халықаралық деңгейдегі алғашқы эко-қонақүйлер (глэмпингтер) пайда болды, мысалы, Шымбұлақ тау курортындағы Tenir немесе Көлсай көлдерінің маңындағы Саты ауылындағы эко-мейманханалар», — деді олар.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости туризма
Поделитесь новостью с друзьями