Популярные темы

Цой елде әлі де коронавирустан үйде емделетіндер барын айтты 18 августа 2021, 09:43

Дата: 18 августа 2021 в 09:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Цой елде әлі де коронавирустан үйде емделетіндер барын айтты
                18 августа 2021, 09:43
Стоковые изображения от Depositphotos

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанның эпидахуалы кейінгі үш аптада тұрақталып келе жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда кейінгі тәулікте 7034 адамнан коронавирус анықталды, 7 416 адам жазылып шықты. Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта. Алайда Цойдың айтуынша, кейінгі үш аптада елімізде эпидахуал біртіндеп тұрақталып келеді.

«Аптасына орташа есеппен 53 мың жаңа жағдай анықталады. 1 тамыздан бастап коронавирус таралу индексі 14 пайызға төмендеді. Ауруханалардағы төсек-орындардың 53 пайызы бос емес, ал реанимациялық орындардың 47 пайызында науқастар жатыр. Инфекциялық төсектері салыстырмалы түрде бос емес өңірлер: Ақтөбе облысы — 69 пайыз, Қызылорда облысы — 66 пайыз, Алматы облысы — 64 пайыз», — деді Цой.

18 тамыздағы мәлімет бойынша, жалпы 120 313 адам коронавирус инфекциясынан (115 214 КВИ+ және 5 099 КВИ-) емделіп жатыр. 

Цойдың айтуынша, тәулік басында реанимацияға түскендердің үлесі — 40 пайыз. 

«Бұл өте жұқпалы «дельта» штамы мен адамдардың өзін-өзі емдеуі, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеудің салдары», — деді министр. 

Бүгінде Қазақстанда вакцинаның бірінші компанентін 6,1 миллион адам, екіншісін 4,8 миллион адам алған. 

«Вакцинация бойынша көш бастап тұрған алты өңір: Алматы, Шымкент, Түркістан облысы, СҚО, ШҚО, Қызылорда облысы. Ал бірінші дозаны алғандар саны ең аз өңір — Маңғыстау облысы (35 пайыз)», — деді Цой. 

Ол барлық өңірге қытайлық Sinopharm шығаратын вакцинаның бірінші партиясы жеткізілгенін айтты. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями