
Іс шараның мақсаты – Шымкент қаласының туристік әлеуетін ілгерілету, кіру және ішкі туризмінің ағынын ұлғайту, Шымкент қаласының көрікті орындары туралы ақпаратты отандық БАҚ-да жариялау.
Жалпы ақпараттық турға 30-дан аса туристік нарық өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысады. Атап айтқанда, «Сары-Арқа Қазақстан» телеканалы, «Менің өлкем» газеті, Tengri Trevel, Новое ТВ және басқалар. Сонымен қатар, Орталық және Шығыс Қазақстан туроператорлары қатысады.
Ақпараттық тур барысында Шымкент қаласының тарихи-мәдени орындары мен көрікті насандарын аралайды. Жергілікті БАҚ қызметкерлеріне арналған пресс-конференция 30-күні «Park Hotel Orleu» қонақ үйінде өткізіледі. Толық ақпарат сайтта қол жетімді: visit-shymkent.kz Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз:Телефон: 87252 247445, 8 7252 247449Почта: shymkenttourist@gmail.com Инстаграм — @visitshymkent Facebook — visit shymkentИнстаграм — @visitshymkent Facebook — visit shymkent