Популярные темы

Алексей Цой «белгісіз пневмонияға» қатысты пікір білдірді

Дата: 30 июля 2020 в 19:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы «белгісіз пневмонияға» қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз алдын ала жүргізілген клиникалық зерттеуді қарадық. Олар бұл («белгісіз» — авт. еск.) пневмонияның коронавирус пневмониясы екенін көрсетеді. Әрине, олар коронавирус-сынамасында теріс нәтиже көрсетеді. Бірақ тереңінен қарасаң, олар коронавирус («пневмониясы» — автор) екені нақтыланып отыр. Бірақ барлығы емес», — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «белгісіз пневмонияны» коронавирус инфекциясы сияқты емдейді.

«Сондықтан симптомы коронавирусқа ұқсас пневмонияны емдеу коронавирус инфекциясын емдегенмен бірдей. Біздің емханаларда, стационарларда ондай науқастар жатыр. Олар коронавирус жұқтырған, ПТР оң нәтиже көрсеткен науқастар сияқты тиісті көмекті алып жатыр», — деді Алексей Цой.

Министр мұнда мәселе белгісіз вирус туралы болып отырмағанын атап өтті.

«Әрине, пневмонияның жартысының табиғаты басқа. Ол вирустық болып саналады. Бұл вирустар осыған дейін де Қазақстанда болған: бактериалды, саңырауқұлақты. Біз коронавирус пневмониясының жаңа толқыны туралы айтып отырмыз. Мұндай жағдай бізде ғана емес, көрші елдерде де байқалып отыр. Вирусты кейбір кездері тест көрсетпейді. Ауру пневмониядан басталып, нақтыланған коронавирус инфекциясымен аяқталады. Сондықтан Қүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арнайы код енгізді. Яғни, адамдар шатаспас үшін арнайы категорияны ензігіп отыр», — деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар.Telegramжелісінде бізге жазыл! 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями