Популярные темы

60 мәйіт пен улы зат шашу. Қазақстанда коронавирус туралы қандай жалған ақпараттар тарап жатыр?

Дата: 07 июля 2020 в 14:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


60 мәйіт пен улы зат шашу. Қазақстанда коронавирус туралы қандай жалған ақпараттар тарап жатыр?

Елімізде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде түрлі ақпарат тарап жатыр. Оның ішінде премьер-министр Асқар Мамин коронавирус жұқтырды немесе тікұшақпен улы зат шашады деген секілді хабарламалар бар. Бүгінде мұндай хабарламалардың жалған екені айтылды. Tengrinews.kz тілшісі елімізде коронавирус туралы тарап жатқан жалған ақпараттар топтамасын жалғастырады.

Ақтөбеде ауруханадан күніне 60 мәйіт шығарылады — фейк

WhatsApp мессенджерінде Ақтөбе тұрғындарын тубдиспансерде күніне 50-60 науқас қайтыс болып жатыр деген хабарлама шошытқан. Бірақ бұл әдеттегі фейктердің бірі болып шықты.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов осы хабарламаға қатысты пікір білдірген.

«Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенжерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — деді Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, полиция хабарлама авторын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізгенін мәлімдеді.

Түнде балаларға улы зат шашылады — фейк

Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде түнгі сағат 2:00 шамасында балаларға улы зат шашылғаны туралы хабарлама тарап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады.

«Сіздерден, құрметті азаматтар, әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған хабарламаларға сенбеуді сұраймыз, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Барлық расталған ақпаратты сіз Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында және министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан ала аласыздар», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз деді министрліктегілер.

Қазақстанда коронавирус туралы қандай жалған ақпарат тарап жатыр?

Ақтауда қара пакетке оралған мүрделер түсірілген видео — фейк

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде бір ролик пайда болған. Кадрларда еденде және арнайы арбаларда қара пакеттің ішінде болжам бойынша бірнеше дене жатыр. Видео сипаттамасында оның Ақтауда түсірілгені жазылған.

Маңғыстау облысының билігі роликтің өңірдегі медициналық мекемелердің ешқайсысына қатысы жоқ екенін айтып, оны фейк деп атады.

«Қара пакетпен оралған науқастардың мүрдесі бар видео Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Назарбаевтың плазмасынан вакцина әзірленіп жатыр — фейк 

Желіде коронавирусқа қатысты тағы бір фейк-ақпарат тараған. Дәлірек айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың плазмасынан вакцина әзірленіп жатыр деген хабарлама шыққан.

Бұл мәлімет «Панорама» атты ресейлік сатиралық сайтта пайда болды. Онда бұл вакцинаны Қазақстан Ғылым Академиясы әзірлеп жатқаны айтылады.

«Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирустық инфекциядан вакцина әзірлеу туралы желіде тараған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына тиісті сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша барлық шараны қабылдау тапсырылды», — делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.

Асқар Мамин коронавирус жұқтырды — фейк

Ал бүгін тағы бір ақпарат жоққа шығарды. Желіде премьер-министр Асқар Мамин коронавирус жұқтырып, ем алып жатқаны туралы хабарлама тараған болатын.

Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Қазір Асқар Мамин кесте бойынша жұмыс істеп жатыр екен.

«Telegram-да кейбір каналда премьер-министр Асқар Маминнен коронавирус анықталып, емделіп жатқаны туралы тараған хабарлама шындыққа сәйкес келмейді, ол фейк. Қазіргі уақытта үкімет басшысы жұмыс кестесі бойынша жұмыс істеп, 10 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындалып жатыр», — деді үкіметтегілер.

Сондай-ақ, ведомство қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Желіде карантин туралы қандай жалған ақпараттар тарап жатыр?

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями