Популярные темы

Алматы жастары: баспана алу талабы жеңілдеді

Дата: 17 июня 2020 в 10:13


Алматы жастары: баспана алу талабы жеңілдеді

Енді Алматыда тұратын, бірақ тұрғылықты жері бойынша қалада тіркелмеген жастар мемлекеттен жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы үй ала алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаев қаладағы жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген несие алу үшін тіркеу талап етілмейтінін жазды. Бұған дейін тіркеуі болмағаны үшін өтініш бере алмаған жастар 22 маусымнан бастап құжат өткізе алады. Себебі арнайы осындай жастар үшін өтінім қабылдаудың екінші кезеңі болады.

«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады.

Еске салайық, «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы 35 жасқа дейінгі кез келген санаттағы алматылық пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие ала алады. Тұрғын үйді қатысушылар пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.

Бұған дейін Алматылық жастарға баспана алудың қандай жолдары бар екенін жазғанбыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Поделитесь новостью с друзьями