Популярные темы

Қазақстандықтар көлік, пәтер сатып алғаны туралы декларация тапсырады — министр

Дата: 12 июня 2020 в 15:53 Категория: Новости политики


Қазақстандықтар көлік, пәтер сатып алғаны туралы декларация тапсырады - министр

Қазақстандықтар ірі шығыстары туралы декларация тапсыруы мүмкін. Мұндай ұсынысы бар заң жобасын қазір Парламент депутаттары қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындар тарапынан министрге «Кірістер жөніндегі декларациядан басқа шығыстыр туралы есеп беретініміз шын ба? Бұл қалай жүргізіледі?» деген сұрақ түскен.

Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдан бастап Қазақстан халқы түгел кіріс туралы декларация тапсыратынын атап өтті. Сондай-ақ министрдің айтуынша, қазақстандықтар ірі шығыстары туралы декларация тапсыруы мүмкін. Қазір үкіметтің мұндай ұсынысын депутаттар талқылап жатыр.

«Иә, біз ендігі жылдан бастап жаппай халықтың арасында декларациялау жұмысын бастаймыз. Бұл негізінен кірістер бойынша. Ал шығыстар бойынша декларацияны жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ кейбір ірі шығыс болса, мысалы үй сатып алса, пәтер немесе автомобиль сатып алатын болса, олар бойынша декларация толтыру керек болады. Бұл сұрақ қазір заң жобасында қарастырылған. Парламентте қарастырылып жатыр», — деді Жамаубаев ОКҚ онлайн-эфирінде.

Айта кетейік, мемлекеттік басым міндеттерінің бірі — салық салуды анық және сауатты басқару, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу — мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы  негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып саналады.

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау туралы Egov порталынан таныса аласыз.

Айта кетейік, қазір қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның 2019 жылы атқарған жұмысының қорытындысы туралы халық алдында есеп беріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями