Популярные темы

Коронавирус жұқтырған 8400 қазақстандық аурудан жазылды

Дата: 11 июня 2020 в 14:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Коронавирус жұқтырған 8400 қазақстандық аурудан жазылды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 8400 адам аурудан жазылып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.  

«Коронавирус жұқтырған 55 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында — 1, Шымкент қаласында — 6, Ақтөбе облысында — 2, Қызылорда облысында — 6, Ақмола облысында — 1, Атырау облысында — 16, Қарағанды облысында — 10, Маңғыстау облысында — 3, Қостанай облысында — 10», — делінген хабарламада. 

Осылайша 11 маусым сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, елімізде COVID-19 жұқтырған 8400 адам аурудан жазылып, үйіне қайтты, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы — 1771
Алматы қаласы — 1976
Шымкент қаласы — 454
Ақмола облысы — 145
Ақтөбе облысы — 252
Алматы облысы — 309
Атырау облысы — 892
Шығыс-Қазақстан облысы — 84
Жамбыл облысы — 278
Батыс-Қазақстан облысы — 475
Қарағанды облысы — 600
Қостанай облысы — 153
Қызылорда облысы — 315
Маңғыстау облысы — 200
Павлодар облысы — 181
Солтүстік Қазақстан облысы — 48
Түркістан облысы — 267.

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями