Популярные темы

Салықты қате немесе артық төлеп қойған жағдайда не істеу керек? Маман жауабы

Дата: 28 мая 2020 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Салықты қате немесе артық төлеп қойған жағдайда не істеу керек? Маман жауабы

ҚМ МКК Мемлекеттік қызметтер департаменті Дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы Динара Күшібаева салықты қате не артық төлеп қойған жағдайда не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Динара Күшібаеваның айтуынша, салықты артық не қате төлеп қойсаңыз арнайы мобильді қосымшалар арқылы өтініш жіберуге болады. Өтініш қаралған соң, артық кеткен ақша төленген картаның есепшотына қайтарылады.

«Салықты қате немесе артық мөлшерде төлеп қойған жағдайда Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы мобильді қосымшасы арқылы жеке кабинетке кіріп, өтініш жіберуге болады. Я болмаса жақын уақытта бұл сервис Egov.kz электронды үкіметтің және салық әмиянында (қосымша) жұмыс істейтін болады. Осы сервистер арқылы да ақшаны қайтару туралы өтініш жіберуге болады», — деді басқарма басшысы ОКҚ өткен онлайн-брифингте. 

Еске салайық, коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері уақытша табыс салығынан босатылды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями