Популярные темы

«Қатерлі ісікпен есепте тұрған». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Дата: 11 мая 2020 в 12:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Tengrinews.kz порталы коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтар туралы мәлімет беруді жалғастырады. Бұған дейін COVID-19 жұқтырып, көз жұмған 25 науқас тралы жазғанбыз. Бүгінде олардың саны 31-ге жетті. Бұл жолы вирустан қайтыс болған соңғы алты адам туралы мәліметтер ұсынамыз.

Tengrinews.kz

Коронавируспен 19 күн күрескен

Коронавируспен 19 күн күрескен

3 мамырда Қазақстанда коронавирустан 26-адам қайтыс болған еді. Ол — Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тұрғыны. Індеттен көз жұмған науқас 1958 жылы туған.

61 жастағы науқас коронавируспен 19 күн бойы күрескен екен.

«5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық ауруханаға түскен. 14 сәуірде науқас расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылған. Екі жақты пневмония, ауыр өткен. Науқас 19 тәулік бойы ем алды», — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің жасаған жұмысына қарамастан, 3 мамырда науқас қайтыс болды.

«Пойызбен құдалыққа барған». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

«Пойызбен құдалыққа барған». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Артериялық гипертензия, созылмалы бронхит болған

Артериялық гипертензия, созылмалы бронхит болған

3 мамырда түстен кейін елімізде тағы бір науқастың COVID-19-дан қайтыс болғаны хабарланды. Бұл жолы Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны дүниеден өткен. Науқас әйел 1942 жылы дүниеге келген.

Оның коронавирустан бөлек, қосалқы аурулары болған: 3-дәрежелі артериялық гипертензия, созылмалы бронхит.

78 жастағы науқас 27 сәуірде ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

«Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. 29 сәуірде азаматша жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты жасанды тыныс беру аппаратына қосылған», — делінген хабарламада.

Ол 3 мамырда 10:20-да қайтыс болған.

«Екі рет жүрегі тоқтаған». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

«Екі рет жүрегі тоқтаған». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

Фото:elements.envato.com

Фото:elements.envato.com

Жүк көлігімен Польша, Чехияға барған

Жүк көлігімен Польша, Чехияға барған

4 мамырда Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды. Бұл еліміздегі 28-дерек болатын. Науқас — 1959 жылы туған ер адам, Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны. Ол Жамбыл облысында көз жұмған.

Алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген ол 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болған.

«Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан COVID-19-ға алынған зертханалық талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Биыл 19 сәуірде науқас дене қызуының жоғарлауына, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдарымен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирус инфекциясы расталған», — делінген хабарламада.

23 сәуірден бастап науқастың жағдайы қосымша ауруларға байланысты нашарлай түскен. Қосымша аурулары: жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік.

4 мамыр сағат 01.20-да реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, жүрек өз қызметін тоқтатқан.

Қатерлі ісік диагнозымен есепте тұрған

Қатерлі ісік диагнозымен есепте тұрған

Екібастұз тұрғынымен бір уақытта Қарағанды облысында да бір адамның көз жұмғаны хабарланды. Ол — 1959 жылы туған Теміртау тұрғыны.

20 сәуірде ол Теміртау орталық ауруханағасына пневмония диагнозымен түскен. Екі күннен соң одан COVID-19 табылған.

«Оң нәтижені ескере отырып, сол күні ол «ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы, төменгі тыныс алу жолдарының зақымдануы, екі жақты полисегментал интерстициаль пневмония» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, науқас 2019 жылдан бері полимехотерапияның 12 курсынан өтіп, қатерлі ісік диагнозымен есепте тұрған. Жұқпалы аурулар ауруханасында ол жансақтау бөлімінде жатып, жасанды тыныс беру аппаратына қосылған.

«Алты күн күрескен». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

«Алты күн күрескен». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

© Reuters

© Reuters

Бірінші топтағы мүгедек болған

Бірінші топтағы мүгедек болған

6 мамырда Қазақстанда коронавирустан 30-адам көз жұмғаны белгілі болды. COVID-19-дан кезекті адам өлімі Алматыда тіркелген.

Науқас 1952 жылы дүниеге келген. Бірінші топтағы мүгедек болған.

Науқастың ұзақ уақыт бойы созылмалы аурулары (вирус гепатиті, қант диабеті, артериялық гипертензия, жалғыз бүйректің созылмалы пиелонефриті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы) болған.

«Науқас ауруханаға ауыр дәрежедегі пневмониямен түсті. Кейін уақытша ауруханада тексерілген, Одан COVID-19 табылды. 19 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Жасалған емдерге қарамастан, жағдайы біртіндеп нашарлап, жасанды тыныс беру аппаратына қосылды. Созылмалы жүрек және бүйрек жетіспеушілігімен қатарласа келген ауыр дәрежедегі COVID-19-дан қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Қант диабетімен есепте тұрған

Қант диабетімен есепте тұрған

6 мамырда Қазақстанда тағы бір науқас көз жұмды. Науқас — 1963 жылы туған, Павлодар қаласының тұрғыны. Одан COVID-19 23 сәуірде табылған.

Сол кезде ер адам инфекциялық стационарға жатқызылған. Оның жіті бронхит диагнозы болған. Науқастың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланған. Ол 2-типті қант диабетімен есепте тұрған. 26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыстырылған.

«Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өтті. 29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды. 2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды. Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді», — дейді дәрігерлер.

6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі анықталған.

«Өз бетімен емделген». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?

«Өз бетімен емделген». Коронавирустан қайтыс болғандар туралы не белгілі?
Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями